Серікбай Оспановпен рухани жаңғыру аясындағы «Алтынсарин әлемі» атты кездесу кеші

09.11.2018 ж. Жаратылыстану-математика факультеті, «Химия» мамандығының 3-курс студенттері ақын, жазушы, филология ғылымдарының кандитаты, профессор Серікбай Оспановпен «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясындағы «Алтынсарин әлемі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кеште ақын ағамыз студенттерге «Алтынсарин және оның мұраларын зерттеу» туралы біраз ақпарат беріп, өзінің көптеген жаңалықтарымен бөлісіп, студенттерді айтарлықтай таңқалдырды. Сонымен қоса, студенттер тарапынан ақын ағамызға: «Бізге қызық… Сіздің ойыңызша ақындық өмір, ақындық әлем қандай өмір, оның қыры мен сыры неде? Сізге осы өмір несімен ұнайды?», «Осы өмір жолыңыздан түйіп, түсінгеніңіз көп те шығар... Алайда өзіңіздің жүрегіңіз бағынатын, өмірлік ұстанымыңыз қандай?» деген біршама қызықты да, мәнді-мағыналы сұрақтар қойылды.

Осы кездесу кешінде студенттеріміз де белсене қатысып, өз өнерлерімен бөлісті. «Химия» мамандығының 2-курс студенті Айдана Айсина өзінің орындауындағы «Сағындым Алматымды» әнін айтып, өз талантын көрсетті.

Басқа да студенттеріміз өздерінің қазақ әдебиеті, яғни шығармашылық жағынан таланттары бар екенін дәлелдеді. Студенттеріміздің арасында «Химия» мамандығының 2- курс студенті Жамалбек Аңсаған Серікбай Оспанов ағамыздың «Желтоқсанда» өлеңін, «Химия» мамандығының 3-курс студенттері Жунаева Мафтуна «Сақтасыншы» өлеңін мәнерлеп айтып берсе, Қапезова Аякөз «Қайырымдылық» атты мағыналы өлеңін айтты.

Кеш қонақтары: профессор к.х.к.Абдыкалыкова К.А., доцент, Шалгимбекова А.Б., жаратылыстану кафедрасы меңгерушісі Баубекова Г.К., аға оқытушы Баймаганбетова К., п.ғ.м., оқытушы Ермаганбетова А.Ж, п.ғ.м., ЖМФ-деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тауаекелов Ч.А. Ыбырай Алтынсарин туралы бұрын белгісіз материалдармен танысып, риза болды.

Қорыта келе, Серікбай Оспанов ағамыз – даламен үндесіп, бабамен тілдесіп, жанамен үйлесіп, санамен күн кешіп, өз биігіне жеткен ақын. Туған өлкесі Қостанай қаласының, бүкіл қазақ халқына, қалың бұқарасына арқа сүйеп, қайсар болған, еліне еркелеп жауһар болған, оқырманына сүйеніп гауһар болған ақын.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Филология департаменті Серікбай Оспановпен рухани жаңғыру аясындағы «Алтынсарин әлемі» атты кездесу кеші