Шәкәрім мұрасы – рухани қазына
- Подробности
- Опубликовано: 16 ноября 2018
2018 жылдың 16 қараша күні филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы оқытушылары мен мамандық студентері Семей қаласы Шәкәрім атындағы университеттің кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Жундибаева Арай Қанапияқызымен кездесті.
Кездесудің мақсаты озық ойлы ғұлама, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай ақынның әдеби-философиялық мұраларымен таныстыру және академиялық ұтқырлық туралы ақпарат беру.
Кездесу барысында ақынның 1911 жылы жарық көрген «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы», «Үш анық», 1912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында басылған «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», 1924 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» баспасынан шыққан «Дубровский әңгімесі» және 1935 жылы Алматыда «Қазақстан» баспасынан жарық көрген «Ләйлә-Мәжнүн» еңбектерінің факсимилдік көшірмесімен салыстырыла отырып, жастардың оқуына ыңғайлы форматта Шәкәрім университетінің ғылыми кеңесі шешімімен дайындаған кітаптар таныстырылды.
Арай Қанапияқызы осы еңбектердің электронды нұсқаларын сыйға тартты. Оқытушылар мен студенттерді академиялық ұтқырлықта жұмыс істеуге шақырып, екі оқу орны арасындағы ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік байланысты нығайтудың жолдарын ұсынды.