«Туған жер» шығармасы интернет – байқауының қортындысы
- Подробности
- Опубликовано: 15 ноября 2018
2018 жылғы 1- 15 қараша аралығында филология факультеттінде көптілділік орталығында «Туған жер» шығармасы интернет – байқауы ұлттық бағдарлама «Рухани жаңғыру» аясында өтті. Шығарма қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданды. Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: студенттердің өз отанына құрметтпен қарау, патриоттық сезімге тәрбиелеу, сондай-ақ, лингвистикалық сананың дамуы негізінде мемлекеттік тілмен қатар, ана тілі мен шет тілін меңгеру. Байқау қатысушылары туған жерге деген ұлы сүйіспеншілік пен ыстық ықыласпен шығармалар дайындады. Барлық тапсырылған жұмыстар арасында ерекше терең ойлы көзқараспен жазылған шығармалар кездесті.
Қортынды нәтижесінде 1 орынға жаратылыстану - математика факультеті 2 курс студенті Абдірахман Мөлдір, 2 орынға иленген жаратылыстану - математика факультеті 2 курс студенті Төлеуханова Гүлвира, 3 орынды қосымша қашықтықтан оқыту факультеті 2 курс студенті Гусейнова Сабина иленді.Сонымен қатар, қазылар алқасы үздік жұмыстар тапсырғандарын: дене шынықтыру және спорт факультетінен 1 курс студенті Харламов Сергейді, жаратылыстану - математика факультеті 2 курс студенті Туманова Заринаны атап өтті.Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері сыйлықтар мен мақтау қағаздарына ие болды.