Жаңартылған білім беру жағдайында оқу үдерісін қарқындату
- Подробности
- Опубликовано: 04 декабря 2018
2018 жылдың 4 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының апталығы аясында аға оқытушылар С. Б. Арсаева мен Л. А. Конвисарова "Жаңартылған білім беру жағдайында оқу үдерісін қарқындату" тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: оқытушылар мен студенттерді жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерімен таныстыру және жаңартылған білім беру мазмұнының аясында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.
Семинарға университеттің басқа факультеттерінің студенттері мен оқытушылары шақырылды. С. Б. Арсаева қатысушыларды жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп сабақтарын өткізу ерекшеліктерімен таныстырды, оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін, БЖБ, ТЖБ ұғымдарын ашып, олардың толық сипаттамасын берді. Конвисарова Л. А. тыңдаушылардың назарына Free Quiz Maker бағдарламасында интерактивті тесттерді жасау және қолдану принципін ұсынды.
Бұл тесттерді пайдалану оңай, олардың көмегімен ағымдағы және аралық бақылауларды жүргізуге, аз уақыт ішінде сұралғандардың көп санын қамтуға болады. Бұл семинар оқытушыларға білім алушылардың зияткерлік мүмкіндіктерін белсендіруге бағытталған, оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін білуге, білім берудің жаңартылған мазмұны аясында ЖОО мен мектепте инновациялық білім беру және ақпараттық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.