"Startup Battle-2018" студенттік байқауы-ғылымғақадам
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2018
2018 жылдың 5 желтоқсанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасыныңаға оқытушылары К.С. Бримжанова және О.В.Коваль күндізгі филология факультетінің «Орыстілі мен әдебиеті» мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Startup Battle - 2018» студенттік жобалар байқауы өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бәсекелестік табысқа жету факторы ретінде дамытуға бағытталған. Студенттер аймақтық нарықта ғылыми проблемаларды шешуге өз идеяларын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:студенттік жобаларды қолдау бойынша жағдай жасау; жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашуға жәрдемдесу,студенттерді кәсіпкерлік қызметке белсенді тарту, жас кәсіпкерлердің біліктілік деңгейін көтеру; студенттердің ғылыми және білім беру қызметін ынталандыру; ең талантты және дарынды студенттерді қолдау.
Ұсынылған жобаларды білікті қазылар бағалады. Оның құрамына Е.Н.Иванова, З.У.Карбенова, К.К.Сегизбаева, Л.А. Конвисаровакірді.
Осы байқаудың жеңімпаздары: 1 орынды «Әдемі жазу өнері мектебі» жобасы бойынша 4 курс студенттері алды; 2 орын - «Жеңіл орыс тілі» жобасы бойынша 3 курс студенттері; 1-2 курс студенттеріне сертификаттар берілді.
Байқаудың барлық қатысушылары мұндай ғылыми іс-шараларды әрі қарай жалғастыруға ниет білдірді, басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысуға мүмкіндік беретін, коммуникативтік дағдыларды дамытуда құнды тәжірибені қамтамасыз ету, өздерінің ғылыми жорамалдарын дәлелдеуге және логикалық негіздеуге дағдыларын үйрету, баламалы түсіндірмелерді ұсыну, өз көзқарасын дәлелдеу.