Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің өкілдерін дене шынықтыру, спорт және туризм факультетіне шақыру

Факультеттің білім беру бағдарламаларын танымал етудің негізгі бағыттарының бірі талапкерлермен байланыс болып табылады. Факультетте талапкерлерге ашық есік күнін өткізумен қатар Қостанай облысының аудандарына барып жарыстарды өткізуге дейін тартудың әртүрлі нысандарын пайдаланады.

Алайда, биылғы жылы аудандардың бірінің өкілдері өз тәрбиеленушілерін университет пен факультет бойынша экскурсияға өз бетімен алып келуге тілек білдірді. Бұл іс-шараның бастамашысы Жангелдин аудандық БЖСМ жаттықтырушысы Нұғыманов Ақшығанақ болды. Жангелдин аудандық БЖСМ тәрбиеленушілеріне факультет бойынша толық экскурсия өткізілді: факультеттің аудиториялық қоры, материалдық-техникалық базасы: спорт залдары, ғимараттары көрсетілді. Жаттығу залы базасында гір спорты және пауэрлифтинг бойынша оқу сабақтары көрсетілді. Факультет бойынша экскурсияның бастамашысы және ұйымдастырушысы кафедраның аға оқытушысы Сафаргалиева Гульфия Надимовна болды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын: оқу үдерісін ұйымдастыру, оқу сабақтарын жүргізетін профессор-оқытушылар құрамы, факультетте студенттік өмір ерекшеліктері бойынша қойды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің өкілдерін дене шынықтыру, спорт және туризм факультетіне шақыру