Асық атудан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті студенттерінің жетістіктері

2017 жылдың қыркүйек айының 12 мен 14 аралығында Ақтөбе қаласында 6-шы Республикалық «Ақ бидай» ауылдық ойындар турнирінде Қостанай облысының құрамасы асық атудан 1-ші орынды иеленді. Құрама жетекшісі ДШСжТ факультетінің жоғары санатты мұғалімі Какашев К.Т.  өткен турнирде Костанай облысының тоғызқұмалақ бойынша құрамасы 3-ші орынды иеленді.

Құрама ойыншылары:

  • Егорова Татьяна -1-ші курс студенті «Дене шынықтыру спорт және туризм» мамандығы.
  • Мухамбеткалиева Айым «Дене шынықтыру және спорт » мамандығының түлегі, ҚМПИ жаттықтырушысы.
  • Үмбетов Ерболсын «Дене шынықтыру спорт және туризм» факультетінің түлегі.

Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында қыркүйек айында дойбыдан халықаралық деңгейде өткізілген турнирде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-ші курс студенті Кабдырахманов Ельдос-3 ші орынға ие болды, және де бірінші шеберлік балл есебіне ие болды.

Қазақстан Республикасының Шымкент қаласында қарашаның 6 мен 9 аралығында асық атудан өткен Кубогында Қостанай облысы құрамасы 1- ші орынға ие болды. Құрама жетекшісі «ДШСжТ» факультетінің жоғары санатты мұғалімі Какашев Каршал.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Асық атудан, дойбыдан, тоғызқұмалақтан Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті студенттерінің жетістіктері