I курс студенттер арасындағы «Анатомиялық брейн-ринг»
- Подробности
- Опубликовано: 21 октября 2017
2017 жылы 21 қазанда дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде факультетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған «Анатомия, спорттық морфологиясының негіздері» атты зертханалық ашық сабақ өткізілді.
Интеллектуалды ойын түрінде өткізілетін «Анатомиялық брейн-ринг», бірінші курс студенттеріне дәстүрлі іс-шараға айналды. Бұл ойын адамның ақыл-ой қабілетін, тез шешім қабылдауды, дұрыс және жылдам ойлау қабілетін дамытады.
Іс-шара бағдарламасы келесі сайыстардан құралған:
- Визит карточкасы (үй тапсырмасы).
- Ойжұмбақ. Анатомиялық сөзжұмбақты шешу.
- «Анатомиялық брейн-ринг» ойыны бөлім бойынша: Остеология; Синдесмология; Бұлшықеттер әлемінде: Миология – топография; Мені түсін. Динамикалық анатомия.
- Ғажайыптар саласы
- Капитандар сайысы
Ойынға 5 команда қатысты: «Скелетос», «Атлант», «Гелиос», «Адреналин», «Оптимисты».
Студенттер өздерінің білімін анатомияда, үйлесімді, бірлесіп жұмыс істеу және бір-бірін тыңдай алу мүмкіндігін көрсетті.
Қазылар алқасының мүшелері ойыншылардың өнерлерін бағалады: арнайы шақырылған қонақтар педагогикалық еңбек ардагерлері Л.Д.Зотова, Е.А.Виниченко, п.ғ.к., ДШСжТФ деканы, Н.Ю.Кифик, ДШСжТТмП кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., Н.А.Огиенко, ДШСжТТмП кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Ковш, ДШСжТФ декан орынбасары Н.С.Шкваренко, 2курс студенті Абдрахманова Г.
Жарыстың нәтижесі бойынша командалар дипломдар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Іс-шараның жүргізушілері ДШСжТФ студенттері: А.Похилюк, В.Григорьева, А.Оразгалиев.
ДШСжТТмП кафедрасының оқытушысы А.Г.Плетнева және аға оқытушы А.М. Егорова анатомиялық брейн-рингтің ұйымдастырушылары.