Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде дөңгелек үстел өтті

Қазан айының соңында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде «Білім беру саласындағы жаһандық бәсекелестікке дайын дене шынықтыру және спорт мамандығының қызметкерлерін даярлау» дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Дене шынықтыру және балалар мен жасөспірімдер туризмнің аймақтық орталығы» ҚМУ өкілдері, БЖСМ директорлары, мектеп мұғалімдері және дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен тәжірибесі кафедрасының мұғалімдері шақырылды.

Дөңгелек үстел барысында дене шынықтыру саласындағы мұғалімдер мен жаттықтырушыларды даярлауда күрделі мәселелері талқыланды. Теориялық дайындықты практикалық түрде оқшаулауға назар аударылды. Студенттердің көбісі мектептегідей практикалық қызметке дайын емес, сондай-ақ БЖСМ де. Әдістемелік -ұйымдастырушылық жұмыс дағдыларын көбісі менгермеген.

Мектеп мұғалімдері жаңартылған білім беру бағдарламасына байланысты, жаңартылған бағдарлама бойынша жұмыс нәтижелерін талдауға және қорытындылауға қатысты мәселелерге назар аударды. Өз кезегінде, кафедраның оқытушылары болашақ мұғалімдер мен жаттықтырушыларды даярлау жүйесінде даярлықтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне назар аударды. Университеттің, мектептердің және БЖСМ-нің бірлескен жұмысының қажеттілігіне назар аударды, өйткені бірлескен жұмыс қана білікті кадрларды даярлауда оң нәтиже беруі мүмкін. Осы жолы да, мамандықтар бойынша модульдік білім беру бағдарламаларын даярлау кезіндегі мәселелері, педагогикалық және өндірістік тәжірибе мәселелері бойынша білім беру пәндерін дамытуда жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатуға шешім қабылданды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінде дөңгелек үстел өтті