Пхенчханьға Қысқы Олимпиадаға жолдама!

Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті Шамуханов Еркебулан мен 3 курс студенті Жаксыбаев Мерсаит шорт-трек бойынша Қазақстан құрамасына қосылды және Пхенчхандағы (Оңтүстік Корея) 23 қысқы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алды. Ол 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында өтеді.

Бұл «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері жеңіп алған үшінші лицензия. Естеріңізге сала кетейік Олимпиадаға алғашқы лицензия 2-курс студенті Крестова Анастасия шорт-трек бойынша 1000 метр қашықтықта әлем чемпионатында 3-орынға ие болды.

Ресми дереккөздерден белгілі болғандай, шорт-тректегі команда жеті адамнан тұрады - бес еркек және екі әйел (олардың үшеуі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері !). Біз студенттерді құттықтай отырып оларға мәреде тек жеңістер ғана тілейміз!

--

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз