Ұлттық күреске жол
- Подробности
- Опубликовано: 08 мая 2018
2018 жылы 8 мамырда алғаш рет қазақтың белдесу күресінен «Халық барысы» республикалық турнирі өтті. Қостанай облысының атынан осы жарыста «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы сырттай бөлімінің 2 курс студенті Талғат Жиентаев қорғады.
Күрестен Вице-чемпион –атағын қорғау үшін: грек-рим, дзюдо, еркін және қазақ күресіснің әр түріне республиканың ең мықты өкілдерімен белдесуге тура келді.
Осы жарыста спортшы үшін ең қиын сәт финалға шығу үшін еркін күрестің өкілімен болған белдесу деп атап өтті. Талғат турнирде финалға шықты, бірақ ол, өз кезегінде Максат Кәкімовке ұтылды.
Спортшы қазақтың белдесу күресінен Қазақстан Республикасы вице-чемпионы мәртебесін ие болғанға дейін спорт саласында келесідей жетістіктерге қол жеткізді: Қазақстан чемпионы, грек-рим күресінен Азия чемпионатының жүлдегері, қазақ күресінен «Жас Барыс» республикалық турнирінің абсолютті чемпионы.
Турнирде екінші орын үшін спортшы бес миллион теңгені иеленді.
Біз Талғатты грек-рим және қазақ күресіндегі ерекше жеңісімен құттықтаймыз!