Әйелдер мен ерлер командалары арасында волейболдан жарыс

2018 жылдың 13-15 сәуірінде ЧеЛ.МУ спорт кешенінде әйелдер мен ерлер командалары арасында дәстүрлі волейболдан жарыс өтті. Бұл жарыстар ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты, КСРО спорт шебері Александр Родновтың құрметіне өткізілді.

Жарысқа Қостанай облысының барлық жоғары оқу орындары мен колледждері қатысты. Тартысты жарыстың нәтижесінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әйелдер командасы дәстүрлі волейболдан XVI дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрамында дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті, жаралыстану математика факультеті, психология-педагогика және филология факультетінің студенттері болды:

  1. Аспандиярова Дамира – 2 курс ДШСжТФ
  2. Тюрина Анастасия – 2 курс ДШСжТФ
  3. Бахаева Карина – 2 курс ЖМФ
  4. Байбакирова Сабина – 3 курс ППФ
  5. Возных Елена – 3 курс ФФ
  6. Мендыбаева Алина – 3 курс ДШСжТФ
  7. Ридченко Виктория –4курс ДШСжТФ

Командасының шабуылшысы Ридченко Виктория турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

Осы турнирде ҚМПИ ерлер волейбол командасы жеңіп шықты. Команда құрамында дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері келесі құрамда болды:

  1. Искаков Рустем - 1курс
  2. Петриков Евгений - 1 курс
  3. Бөлтірік Олжас - 2 курс
  4. Поворозник Артём - 2 курс
  5. Новиков Леонид - 3 курс
  6. Карбашов Александр - 3 курс
  7. Елеусіз Төлеген – 3 курс
  8. Кабден Бекмурат - 3 курс
  9. Тюлебаев Самат - 4 курс
  10. Уразов Дулат - 4 курс
  11. Шакиров Сергей - 4 курс

Командасының шабуылшысы Тюлюбаев Самат турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.

Командаға алда жеңістер тілейміз!

Традиционные соревнования по волейболу среди женских и мужских команд

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Әйелдер мен ерлер командалары арасында волейболдан жарыс