Ұлы Жеңістің құрметіне жеңіл атлетикалық жарыстар

9 мамыр күні Ұлы  Жеңістің 73-жылдығына арналған «Наш Костанай» газеті мен Қостанай қаласы әкімінің жүлдесіне ашық жеңіл атлетикадан жүгіріс өтті.   Жүгіріс Жеңіс саябағынан  2-Қостанайға дейінгі аралықты қамтыды, оған 500-ден астам адам қатысты. 10 шақырым қашықтықта «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті, шаңғы жарысының спорт шебері Ковалев Владислав жеңімпаз атанды, оған 10 000 теңге сертификат берілді, ал «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының бірінші курс студенті спорт шеберіне үміткер Даненбаев Руслан үшінші орынға иеленді.

Осы қашықтықта қыздар арасында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенті Черных Наталья қатысты. Ең ғажайып жартымарафон 23 шақырым жерде болды, мұнда абсолютті артықшылықта үшінші орынды «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының үшінші курс студенті, шаңғы жарысының спорт шебері Башмаков Наиль иеленді.

Жүгіріске дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің студенттері белсене қатысты: Бондаренко Евгений, Заболотный Алексей, Осипов Владимир, Нургазин Ермек және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенті Цирик Виктор қатысты. Біздің институттың студенттері үздік шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арналған «Наш Костанай» газетіне жазылу абонементтері берілді.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті Ұлы Жеңістің құрметіне жеңіл атлетикалық жарыстар