Туристерге арналған сұлулық байқауы

2018 жылдың 28 маусымынан 1 шілдесіне дейін Ақтөбе қаласында «Татар кызы 2018» атты сұлулық пен өнер байқауы өткізілді. Бұл шарада қыздар татар тілін білу, тамақ дайындау, сән үлгісі, интеллектуалдық, көркем сөз және қолөнер жарыстарында өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс барысында қыздар «Қазақстан Ақтөбе» телеарнасына, экскурсияға барды, Достық үйінің балаларымен танысты. Сондай-ақ, қыздар чак-чак пен шаш өру мастер-класстарына барды.

Нәтижесінде Абдрахманова Дина «Ин житез кыз» номинациясына ие болды, ол «ең шапшаң» дегенді білдіреді және Қазан қаласында «Татар кызы 2018» халықаралық жартылай финалына қатысуға шақырылды. Қазір Дина «Татар кызы 2018» халықаралық жартылай финалына дайындалуда.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз