Әлемдегі ең үздік спортшылар ҚМПУ-да оқиды!

6-10 қыркүйек аралығында Ресей Сасово қаласында полиатлоннан әлем чемпионаты өтті.

10 қыркүйекте rsh-hex-rrs (оқпен ату, күш гимнастикасы, шаңғы роллер жарысы) және rsh-hex-cr (оқпен ату, күш гимнастикасы, кросс) үш сайысты спорттық пәндерде полиатлоннан халықаралық жарыстар аяқталды. Жарысқа екі мемлекет қатысты – Ресей және Қазақстан. Ресей он бес субъектімен ұсынылды. Жарыс ұлдар мен қыздар, ерлер мен әйелдер және ардагерлер арасында өтті.

Үш Қостанайлық спортшы Қазақстанға медаль әкелді. Олардың арасында "Денешынықтыру және спорт" мамандығының сырттай оқу бөлімінің студенті Айбек Байдильдинов әлем чемпионы атанды! Денешынықтыру және спорт мамандығының 3-курс студенті Вячеслав Макушенко және ҚМПУ түлегі Зеленская Юлия осы чемпионатта күміс медаль жеңіп алды. Табысты өнер көрсетуімен құттықтаймыз және келешекте спорттық жеңістер тілейміз!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз