КВН ойынының күміс жүлдегері Дене Шынықтыру және Спорт факультеті!

30 қарашада факультетаралық КВН ойыны өтті. КФН ойыны факультеттерден 6 комаданың және студенттік жатақхананың командасының қатысуымен өтті. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультетінің 18-21 тобының студенттері Вишняков Илья, Корщиков Антон, Нафиков Руслан, Кайпов Адиль, Турченко Семён және 3 курс студенті Абдрахманова Гаухар кіретін «Хрущев командасы» атынан өнер көрсетті.

Ойын барысында біздің команда керемет актерлік шеберлік, тамаша стиль, жоғары юмор сезімімен әуесқой жаңкүйерлердің жүректерін жаулап алды және өздерін лайықты деңгейде көрсетті.

Ойынның қорытындысы бойынша ұзаққа созылған шешімнен кейін факультет ұжымы 2 орынды иеленді, ал Гаухар «Ойынның үздік актрисасы» номинациясын жеңіп алды. Сыйлыққа 2-ші орын үшін диплом және ойын демеушілерінен сыйлық болды: Nexxxopizza-ден екі тегін үлкен пицца, 4 сағат тегін Playstation ойнау және Getglasses-тең 7000 теңге сертификаты.

«Хрущев командасы» үшін келесі кезең 2019 жылдың сәуір айында Ө.Султанғазы атындағы ҚМПУ ректорының кубогы үшін ойыны болмақ.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті КВН ойынының күміс жүлдегері Дене Шынықтыру және Спорт факультеті!