Жаяу туризмнің техникасы бойынша қалалық жарыс өтті
- Подробности
- Опубликовано: 24 ноября 2018
23 қараша мен 24 қараша аралығында дене тәрбиесі, спорт және туризм факультетінің студенттерімен жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларымен студенттер арасында жаяу туризм техникасы бойынша қалалық жарыс ұйымдастырылып өткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау және студенттерді спорттық туризмге және белсенді демалысқа тарту.
Капитандар үшін жеке жарыстар өткізілді, сондай-ақ команда туристік кедергілер жолында туризм техникасының білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар «А» және «В» екі сыныбында өз бейімдерін көрсетті. Ерекше көзге түскен командалардың ішінде Ө.Сұлтанғазы атындағы КМПУ-дың «Родник» тобы, № 30 орта мектебінің «Солнышко» командасы, Қостанай қаласының аула клубтары «Саяхат» және «Жастар» командасы болды. Жарыста жол-құрылыс колледжінің командасы белсенді атсалысты, капитаны жақсы көшбасшылық қасиеттерге ие екенің көрсетті. Сонымен бірге, төрешілдік сапасы, қашықтықты құру қауіпсіздігі және «Туризм» мамандығының студенттерінің қызықты тапсырмалар дайындағаны атап өтілді.