XI пәндік Республикалық олимпиадасының университетішілік іріктеу кезеңі

2020 жылдың 28 ақпаны күні Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-3 курс студенттері арасында педагогика ғылымдарының магистрі Султанбекова Жадыра Хамитбековнаның ұйымдастыруымен «XI пәндік Республикалық олимпиадасының университетішілік іріктеу кезеңі» атты сайыс өткізілді. Сайысқа 5 команда қатысты. Сайыс мынандай кезеңдерге бөлінді:

  1. Шығармашылық байқау «Заманауи тәрбиеші мәртебесі». Командалардың өзін таныстыруы.
  2. «Тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің көкжиегі- 4К моделі» шығармашылық жоба сайысы.
  3. «Ертегілер әлеміне саяхат» ертегілерді сахналау.
  4. Теориялық байқау «Жүзден жүйрік» тест тапсырмалары.

Әр кезең бойынша студенттер өздерінің білімдерін, дарындылықтарын, тапқырлықтарын, ертегі кейіпкерлерін сомдауда актерлік шеберліктерін жоғары дәрежеде ұйымдастырушылықпен көрсете білді, сонымен қатар теориялық білімдері де сынға алынды.

Командалар арасыннан оқ бойы озық болған «Шамшырақ» командасы 1-орынға ие болды.

28 02 2020 2p

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті XI пәндік Республикалық олимпиадасының университетішілік іріктеу кезеңі