СӨС апталығы
- Подробности
- Опубликовано: 03 декабря 2016
Қарашаның 28-нен желтоқсанның 3-і аралығында психология-педагогика факультетінің психология және дефектология кафедрасында СӨС аптасы өтті, апталықта "Психология", "Дефектология" және "ПжП" мамндығының 1,2 және 3 курс студенттері қатысты. СӨС апталығының аясында "Алгоколизм мен нашақорлық" тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара өткізілді. Кездесуге Қостанай облыстық наркодиспансердің тәлімгер психологы Решетняк Анна шақыртылды. Сөз сөйлеуші студенттерді реабилитация орталығында тәлімгер психологтың жұмысының ерекшеліктерімен таныстырды, нашақорлыққа тәуелділік, оның қандай себептерден туындайтынын, наша мен алкогольдің адам ағзасын қалай құртатынын түсіндіріп, психобелсенді заттардың тәуелділігінен арылу әдіс тәсілдерімен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесу жас мамандардың дамуына және кәсіптік жағынан құрылуларына қарқынды түрткі алуға өте маңызды болды.
2016 жылдың 29 қарашасында «Педагогика және психология» және «Психология» «Дефектология» мамандығының студенттерінен салауатты өмір салтын ұстану жайында сауалнама ұйымдастырылды және өткізілді. Іс-шара профилактикалық-білімділік бағытында болды. 1-3 курс студенттері бұл сауалнамадаға белсенді қатысып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп отырды. Анкетаның сараптамасы студенттердің салауатты өмір салтына қатысты іс-шараларды мақұлдайтындарын, көбісі оны ұстанғылары келетінін, бірақ сирек ұстанатындарын көрсетіп, іс-шараның өзектілігін дәлелдеді.
2016 жылдың 30 қарашасында ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігімен құрастырылған, сөс туралы ақпараттарын қамтыған буклеттер тарату акциясы ұйымдастырылды. 2.12.2016 ж. "Өмір сүру керемет" атты әлеуметтік плакаттар мен буклеттер сайысының нәтижелері жарияланды. Сайыстың барлық қатысушыларына мадақтау грамоталары табысталды.