Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл

2016 жылдың 02 желтоқсаны күні психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттерінің арасында «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбында бейнеролик пен презентациялар сайысы өткізілді. Сайысқа студенттер жан-жақты дайындалып, өздерінің жауапкершіліктерін таныта білді. Студенттердің сайысқа «Тәуелсіздік – Тәңірден келген тәтті сый!», «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы», «Еліміздің бас қаласы – Астана» және «ЭКСПО-2017» тақырыптарында ұсынған материалдары мазмұнды, қызықты әрі шығармашылық жағынан тартымды болды. Сонымен қатар, бұл іс-шара студенттердің бойында патриоттық сезім ұялатып, олардың өз Отанына, халқына деген зор сүйіспеншілігін оятуда атқарылатын маңызды іс-әрекет болып табылады. Соңынан сайыс қорытындысы бойынша нәтижесі анықталып, жеңімпаз деп табылған курс студенттері мадақтау қағазымен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл