«Ағарту ісінің алғашқы алыбы»
- Подробности
- Опубликовано: 02 ноября 2016
2016 жылғы 02 қарашада Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен ұлы жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған іс-шараға куратор Ж.Х.Султанбекованың жетекшілігімен «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Сонымен қатар кешке ҚМПИ профессоры, Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу жөніндегі орталық қызметкері Қ.Т.Орманов және ҚМПИ құрметті профессоры, Қостанай қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы жайлы кітаптар мен монографиялардың авторы И.К.Терновой қатысты. Іс-шарада қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі, қызметі, оның қазақ қоғамында алатын орны, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы айтылды. Іс-шарадан соң студенттер ұлы педагогтің өмірі мен қызметіне арналған кітаптар мен еңбектері көрмесіне шақырылды.