"Білім беру және тәрбиелеу жағдайында жаһандық дағдарыс кезеңіндегі рухани-адамгершілік аспектілері"
- Подробности
- Опубликовано: 06 июня 2017
6 маусым 2017 жылы сағат 14.00 де ҚМПИ –ның конференц- залында «Достастық елдерінің ЖОО-да "білім беру және тәрбиелеу жағдайында жаһандық дағдарыс кезеңіндегі рухани-адамгершілік аспектілері"» тақырыбында халықаралық онлайын дөңгелек үстел өтті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» және Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің «практикалық және арнайы психология» кафедралары ұйымдастырып сөз сөйледі. Дөңгелек үстелге ҚМПИ-ның «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» және НМПУ-нің «Практикалық және арнайы психология» кафедрасның оқытушылары қатысты.
Қазақстан және Ресей жастарын тәрбиелеу ең өзекті мәселелер, қатысушылардың қызығушылығын тудырдырып, кездесу өте жоғары деңгейде өтті.
Қатысушылар баяндамаларында азаматтылық, патриоттық, ұлттық тәрбие беру мәселелерін қозғады. Дөңгелек үстелде Федосеева И. А., п. ғ. д., профессор; Дайкер А. Ф., к. п. ғ. д., проф. ҚМПИ; Олейникова Т. Н., п. ғ. к., доцент; Евдокимова О. Н., п. ғ. к., Қазақстан халықтары Ассамблеясы кафедрасы меңгерушісі; Смаглий Т. И., п. ғ. к., доцент баяндамалары тыңдалды.
Дөңгелек үстелде жүргізілген жұмыс нәтижесі - бірлесіп педагогикалық қарым-қатынас жасау керек деген қортындыға келді.