Жүректегі мейірімділікпен
- Подробности
- Опубликовано: 15 октября 2017
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Қайырова басқарған «Педагогика және психология» мамандығының студенттері үшін Қостанай облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығымен ынтымақтастығы жақсы дәстүрге айналды. Мәселен, 2017 жылдың 15 қазанында «Біз СӨС ұстанамыз» онкүндік аясында тағы да осы орталыққа қазақ бөлімінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері келді.
Студенттер орталықтан келген балаларға қызықты қимылды ойындар, жаттығулар ұйымдастырды, олармен бірге ән айтып би биледі. Көңілді ойындар, жайма – қоңыр әуен балалардың шығармашылық қабілеттерін күшейтті, олар да өлең оқып, ән айтты, ал Денис есімді жас жігіт, студенттерді домбыра тарту шеберлігімен таң қалдырды. Іс-шараның соңына дейін мейірімді және жылы атмосфера сақталды. Студенттер мен балалар жағымды эмоциялар қуатын алды.