Онкүндік СӨС

2017 жылдың 2-18 қазан аралығында Психология және педагогика факультетінің декан орынбасары Г.А. Алыпбаева салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында онкүндікті ұйымдастырып өткізді. Бұл күндері «Біз СӨС ұстанамыз» тақырыбына кураторлық сағаттар, кездесулер және тренингтер өткізілді.

Негізгі іс-шаралардың бірі студенттердің ММ «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша Қостанай облыстық орталығы» өкілдерімен профилактика бөлімінің бастығы Наукенова Рабига Маданқызымен, осы орталықтың психологы Кокандова Инна Геннадьевнамен кездесулері болды.

СӨС өкілдерінің атынан «денсаулық және рационалды тамақтану», «Жедел тыныс жолдарының жұқпалы ауруларының және өткір респираторлық инфекциялардың алдын алу», «Зиянды әдеттер», «Ерте жүктіліктің алдын алу» өзекті тақырыптар бойынша 1-3 курс студенттеріне бірқатар дәрістер өткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 15 қазан күнін Дүниежүзілік сүт безінің обыр күні деп жариялады.

18-қазанда ММК Қостанай облыстық онкологиялық диспансерінің дәрігер-момологі Г.З. Мустафинамен кездесу өткізілді.

Гүлнар Зейнулақызы сүт безі обыры туралы Дүниежүзілік ақпараттандыру күніне орай факультет оқытушылары мен студенттері арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша тегін кеңес берді және тексеріс өткізді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз