Лаңкестік және терроризм
- Подробности
- Опубликовано: 09 февраля 2018
2018 жылы 9 ақпан күні аға оқытушы Султанбекова Ж.Х. жетекшілігімен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Лаңкестік және терроризм» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Кураторлық сабақтын мақсаты студенттерге терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен түрлерін, зардаптарын ұғындыру.
«Лаңкестік және терроризм» тақырыбында өткізілген іс – шараға «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.
Терроризм — жаһанға төнген зор қатер. Лаңкестік — негізінен, саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Өткізілген іс – шарада «Лаңкестік және терроризм>» тақырыбына байланысты Ирискулова Шохиста және Рахматулла Мөлдір баяндама оқыды, видеорликтер көрсетіліп, студентерімен кері байланыс жасау ретінде сұрақ – жауап жүргізілді.
Жазушы, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.
Кураторлық сағатымызда, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамыз, өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған торғайдай аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.