Мен және менің болашақ мамандығым
- Подробности
- Опубликовано: 02 февраля 2018
2018 жылдың 02 ақпанында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының 1-курс студенттері «Тәлімгерлер мектебі» мен «Менің мамандығым – тәрбиеші» атты өздерінің болашақ мамандықтарымен танысуға негізделген әлеуметтік жоба жоспарына сәйкес қала мектептерінің бастауыш және мектепалды даярлық сыныптарда «Қысқы ою-өрнектер» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатын өткізуге мектептің әкімшілігі мен сынып мұғалімдері барынша қолдау көрсетті.
Студенттер тәрбие сағатын өткізу барысында оқушыларға қыс мезгілі туралы жан-жақты мәліметтер бере отырып сұрақ-жауап әдісі арқылы олардың қар қиыршықтары туралы не білетіндіктерін сұрап және қыс мезгілі несімен қызықты әрі несімен ұнайтындығы туралы әр оқушының өз ойын айтуларына мүмкіндік берді. Қыстың басты ерекшелігі – қар және қар қиыршықтары туралы бейне материалдар көрсете отырып, сабақты мазмұнды да қызықты етіп өткізді. Оқушыларға қағаздан қар қиыршықтарын жасаудың жолын көрсете отырып, олармен бірлесе түрлі үлгілерін жасады. Оқушылар сабаққа өте қызыға араласып, белсенділік танытты.
Соңынан, болашақ тәрбиеші-студенттер мектепалды даярлық сынып оқушыларымен бірге далаға шығып, қысқы ойындар ойнап, балалардың таза ауада болуларына өз үлестерін қосты.