Тақырыптық сағат
- Подробности
- Опубликовано: 07 февраля 2018
2018 жылдың 07 ақпаны күні 2018 жылдың 02 ақпанында психология және педагогика факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының 1-курс студенттері «Тәлімгерлер мектебі» мен «Менің мамандығым – тәрбиеші» атты жоба аясында мектептің шағын орталық, мектепалды даярлық сынып және бастауыш сынып оқушыларының арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында «Витаминдер және пайдалы азық-түлік», «Доктор Айболитте қонақта» атты тақырыптық-танымдық сағат өткізді.
Балалармен әңгімелесу барысында «Қандай адамды сау адам деп атайтамыз, деніміз сау болуы үшін не істеу қажет және деніміздің сау болуын қамтамасыз етуге не кедергі жасайды?» деген сауалдарға байланысты білімдері анықталды. Балалар дені сау адамды өз түсініктері бойынша сипаттап берді, яғни дені сау адам ол, көңілді, ауырмайтын, спортпен айналысатын, шыныққан, таңертең жаттығулар жасайтын. Ал «Денің сау болу үшін не істеу керек?» деген сұраққа келесідей жауаптар берді: пайдалы тағамдармен, көкөністермен, жемістермен тамақтану, дене шынықтырумен айналысу, таза аудада жиі болу, тіс тазалап отыру және т.б.
Студенттер аталған іс-шараларға өте жауапкершілік танытты, балалармен түрлі жұмыс формаларын қолданды, сонымен қатар балаларда салауатты өмір салты туралы негізгі практикалық білімдерін толықтырып, дағдыларын жетілдірді.