Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 13 февраля 2018
2018 жылдың 13 ақпаны күні психология және педагогика факультеті, «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасынның «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің педагогикалық практикаларының аяқталуына байланысты қорытынды конференция өткізілді. Студенттер практиканы Қостанай қаласының №20 орта мектебінің және №24 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптарында өтті. Конференцияға факультет деканы, кафедра оқытушылары және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Педагогикалық практиканың мақсаты: педагогикалық қызметтің практикалық дағдыларын игеру.
Практика қорытындысы бойынша студенттер есептерін презентация, практика күнделіктері және сабақтарында қолданған көрнекі құралдарының көрмесі ретінде ұсынды және практикадан алған әсерлерімен бөлісті.
Факультет деканы Н.А. Айдналиева студенттерді педагогикалық практикаларын ойдағыдай аяқтағандарымен құттықтап, болашақ кәсіби қызметтеріне алдағы уақытта педагогикалық жетістіктер тіледі.
Студент-практиканттар гимназия мен мектеп әкімшілігіне, бастауыш сынып мұғалімдеріне және практиканың әдіскер-жетекшілеріне практика барысында көрсеткен жан-жақты көмектері үшін алғыстарын білдірді.