Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі

Педагогика кафедрасында «Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі» студенттік ғылыми-зерттеу жобасы жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға көмек көрсету үшін интерактивті алаң ретінде қолданылады. Жобаның жетекшісі - педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Бекенова Асия Кыкпаевна.

«Қарлығаш» жобасы балаларға мақсатты психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуді көздейді. 2018 жылы 12 ақпан күні жобаның шеңберінде Жуматова Д. 2 курс, Бекенов А. 2 курс, Кожамбердиев С. - 2 курс, Идрисова А. – 1 курс, Адырбаева Ж. – 3 курс, Сегизбаев С. – 2 курс студенттері Қостанай қаласында облыстық балалар үйінде іс-шара өткізді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері жақсы мерекеге ие болды. ҚМПИ-дің студенттері А. Максутова мен А.Кызыриновтың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды, ол балаларға көптеген жағымды эмоциялар берді. Оқушылар ойындар мен тренингтердің белсенді қатысушылары болды.

Тренингтер ортаны құруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және баланың жеке өзін-өзі бағалауының артуына ықпал етті. «Қарлығаш» жобасының қатысушыларын мен демеушілерінің қолдауымен балаларға сыйлықтар, тәттілер ұсынылды. Студенттер мен балалардың белсенді араласуы әрі қарай бірлескен ынтымақтастықтың алғашқы қадамы болды. Балалардың көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, оларға махаббат пен жылулық сезімін беріп, сонымен қатар студенттерге өздерін қуат пен қуанышқа бөлеп, осындай оқиғалардың қажеттілігі мен маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. «Қарлығаш» мектебі балалар үйінде, түзету мектептерінде іс-шаралар өткізу үшін үш жылға арналған жоспар әзірледі.

Студенттік зерттеу тобының жұмысы 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады: білім беру, тәрбие, әлеуметтену, қайырымдылық. «Қарлығаш» студенттік ғылыми-зерттеу жобасы балаларды қолдау және әлеуметтік бейімдеуге, даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге және белсенді табысты тұлға болуға бағытталған.

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қарлығаш - балаларды бейімдеу және әлеуметтендіру мектебі