«Менің әжем, менің анам, менің апам, менің құрбым» атты фото – көрмесі
- Подробности
- Опубликовано: 05 марта 2018
2018 жылының 5 наурызында психология және педагогика факультетінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған плакаттар фото-көрмесі өтті.
«Дефектология», «Педагогика және психология», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының студенттері 24–тен астам плакаттарын ұсынды.
Аталған іс-шара әже, ана, жалпы әлеуметтік ортадағы әйелдің мәртебесін жоғарлату мақсатында, сонымен қатар отбасылық дәстүрлер мен құндылықтырды дамыту, отбасылық институттарды ұйымдастыру және нығайтуға бағытталып ұйымдастырылған.
Мерекелік қонақтарға жағымды тосын сый факультеттің талантты студентерімен ұйымдастырылыған концерттік бағдарламасы болып табылды.
Институттың профсоюздық комитетінің төрайымы Утегенова Б.М. қонақтар мен қатысушыларға құттықтау сөздерін айтып, әр қатысушыға бағалы сыйлықтар ұсынды.