2-4 сынып оқушылары үшін қалалық кешенді олимпиадасы

2018 жылдың 3 наурызында Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының және «Дарын» дарынды балалармен жұмыс істейтін қалалық орталық пен мектепке дейінгі және бастауыш білім беру бөлімінің ағымдағы жоспарына сәйкес 2-4 сынып оқушылары үшін қалалық кешендік олимпиада өтті.

Олимпиаданы өткізудегі міндет: оқушылардың оқу пәндеріне деген тұрақты қызығушылықтарын ояту және дамыту, қазақ (орыс) тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету, кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қабілеттерін, өздігінен және шығармашылық тұрғыда ойлау біліктіліктерін дамыту. Олимпиада қатысушалары: инновациялық, аралас, орта және негізгі білім беру мекемелерінің оқушылары.

Олимпиаданы өткізуде басшылық жасаған, яғни әділқазылар төрайымы мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ли Е.Д. Әділқазы мүшелері п.ғ.к., доцент Байжанова С.А., аға оқытушы Шевченко Г.В., аға оқытушы, п.ғ.магистрі Кушмурзина Д.Х., аға оқытушы, магистр Султанбекова Ж.Х.олимпиаданың тапсырмаларын әзірлеп дайындады. Онда ашық типтегі тестер кешені, сәйкестендіруге, салыстыруға, логикалық ойлауға бағытталған есептер және кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға негізделген тапсырмалар берілді. Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл нәтижесімен ФМЛ, ГМГ, №24 мектеп-гимназиясының, №1, №20, №115, №3, және Чапаев атындағы орта мектеп оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті 2-4 сынып оқушылары үшін қалалық кешенді олимпиадасы