«Алғыс айту күні - 1 наурыз»

2018 жылдың 2-наурызында психология және педагогика факультетінде Алипбаева Г.А және Саламатова А.Б жетекшілігімен Қазақстан Республикасындағы «1-наурыз - Алғыс айту күні» атты тақырыптық мерекелік кеші өткен болатын. Іс – шараға факультетін оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс – шараның негізгі мақсатына, Қазақстан Республикасында алғыс айту күнінің пайда болуы жайында, көпұлтты Қазақстанның ортақ тарих негізінде дамуы мен бірлігін сақтау жайында, бірге өткізген қиындықтардың құрметіне арналған қазақтар мен өзге ұлттардың бір – бірін қолдауы мен татулығын сақтау жайында мәілімет беру жатады. Сондай – ақ студенттерді ашық – жарқын, қайырымды және кемпейілді адам болуға және тыныштық пен достыққа ұмтылуға шақыру.

Іс – шарада студенттердің назарына «Рахмет, Қазақ жері» атты презентация ұсынылды. Мерекелік кештің жүргізушілері Бастауыш сыныпты оқыту және тәрбиелеу мамандығының 3 курс студенттері Өтебай Нұргүль және Кульманова Айжан сталиндік репрессия жылдарындағы болған оқиғалар жайында, Қазахстанда құрылған 11 арнайы лагерлер және онда миллиондаған тұтқындар жайлы айтып өтті. Сол лагерлердің бірі Ақмола облысындағы Алжир лагері болды. Ол жайлы Дефектология мамандығының 3 курс студенті Орынбасар Құралай ақпарат берді. Педагогика және бастауыш сыныпты оқыту методиксы мамандығының 1 курс студенті Нәшен Аружан Қазақстан халқына «Алғыс айту» өлең жолдарын арнады.

Тақырыптық іш-шараны өткізу кезінде өте жағымды сәтке толы кеш болды.

Сондай – ақ мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенттерінің, Саламатова А.Б. жетекшілігімен Қостанай қаласында тұратын ҚР азаматтарынан осы бір керемет мейрам жайында алынған сұхбаттары ұсынылды.

Ал «бүгінгі күні кімге алғыс айтар едіңіз?» деген сұраққа Дефектология мамандығының 3 курс студенті Бақтыбаева Назерке алғыс айту сөзімен шықты, ал Педагогика және психология мамандығының 3 курс студенті Кабденова Гульдана өз алғысын ҰОС ардагері Павловқа алғыс айтты, Сағындық Сапархан біздің замандасымыз А.Қ.Шаяхметовқа, Жусупова Индира жақында дүниеден өткен К.Доненбаеваға алғыс білдірді. Микибаева Асем өз алғысын BEK AIR ұшқыштарына білдірді, олар 2016 жылдың 27 наурызында апаттық жағдайда болған ұшақты қондырды, сол арқылы 117 адамның өмірін сақтап қалды. Зенина Олеся Қостанай қаласының нейрохирургы Гринюк В.С-ға диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізгені үшін алғыс айтты.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз