«Ы.Алтынсарин орталығының эмблемасы» байқауының қорытындысы

-

Ы. Алтынсарин атындағы орталығы мен педагогика кафедрасы студенттер арасында Ыбраи Алтынсарин атындағы орталықтың үздік эмблемасы үшін конкурс жариялады. Байқаудың мақсаты Орталықты символы ретінде ары қарай пайдалану үшін эмблеманы жасау болды.

Конкурстық жұмыстар белгілі бір талаптарды қанағаттандыруға тиіс: әртүрлі материалдар мен әдістерде оны әрі қарай енгізуді ескере отырып, кез-келген графикалық компьютерлік редакторды пайдаланып сызба түрінде жеке немесе топтық дизайн. «Ыбрай Алтынсарин орталығы» деген жазу эмблемада міндетті болып табылады. Ұсынылған эмблеманың әрбір элементі сипаттамамен және символдық мәнді автордың түсіндірмесімен бірге жүруге тиіс.

Ең жақсы эмблема «Информатика» мамандығының 2 курс студенттері Байбосынова Әсел, Мутахан Асет, Сабит Зередің бірлескен жұмысы болды. Жобаның жетекшісі - Ермағанбетова Ақбота Жаналыққызы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, педагогика кафедрасының оқытушысы.Жеңімпаздар бағалы сыйлыққа ие болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Ы.Алтынсарин орталығының эмблемасы» байқауының қорытындысы