«Ел жүрегі – Астана»
- Подробности
- Опубликовано: 16 апреля 2018
2018 жылдың 16 сәуірінде көшбасшылық апталығы аясында психология және педагогика факультетінің барлық мамандықтарында Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі – Астана» атты кураторлық сағаттар өткізілді.
Кураторлық сағаттардың негізгі мақсаты студенттерді патриотизм сезімі мен Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту мақсатында студенттерді Астана қаласының тарихымен таныстыру.
Негізгі міндеттері:
- Қазақстанның жетістіктерін паш ету, Астананың қазіргі заманғы және қауіпсіз қала, республиканың тарихи-мәдени, ғылыми-білім беру және іскерлік орталығы, елдің инвесторлар үшін тартымды экономикалық дамуының көшбасшысы ретіндегі оң имиджін ілгерілету;
- қазақстандықтардың қоғамдық санасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан мен оның елордасының қалыптасуы мен дамуындағы ауқымды тарихи рөлін одан әрі нығайту;
- Ел Президентінің «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында баяндалған қазақстандық мемлекеттілік, қоғамның шоғырлану құндылықтары, бейбітшілік пен өркендеу, «Қазақстан-2050» Стратегиясындағыміндеттерге қол жеткізуде азаматтар бірлігін қамтамасыз ету және қоғамдық сананы жаңғырту идеясын нығайту;
- Тәуелсіздіктің, Ұлттың рухани жаңғыруының, бүкіл Қазақстанның табысты дамуы драйверінің басты рәмізі ретінде Астананың айрықша мәнін ілгерілету.
Студенттер түрлі презентациялар дайындап, музыкалық нөмірлер көрсетті.