Мен өмірді таңдаймын!

2018 жылдың 3 сәуірінда ҚМПУ Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы, Қостанай қаласының білім беру бөлімі және облыстық психиатрия ауруханасымен бірлескен «Жасөспірімдердің аутоагрессивті мінез-құлқының алдын алу» - атты іс-шарасы өтті. Аталған іс-шарада облыстық психиатрия ауруханасының психологиялық қызмет бөлімінің меңгерушісі Ислямова Г.А., «Даму» психология орталығының жетекшісі Топорова Е. В., Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің психологтары - Марченко И. С., Пряхин Е. А., психология және дефектология кафедрасының оқытушылары - Назмутдинов Р. А., Демисенова Ш.С., Маканова А.Ж., Ташетов А.А., Калиниченко О.В., Григорова Ю.Б., Бисембаева А.К., Молдахметова Г.М. және т.б. Студенттер пікірталасқа белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел барысындағы пікір-таласта мектеп оқушыларының суицидальды мінез-құлқын алдын алудың жаңа әдістері мен түрлерін ізденудің жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, болашақ педагог-психологтарды даярлаудың дуальді идеясы мәселесі көтерілді.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз