Педагогикалық колледж студенттеріне кәсіби бағдар беру
- Подробности
- Опубликовано: 06 апреля 2018
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Каирова Б.К., Усембаева А.Х. 6 сәуір 2018 жылы профориентациялық іс-шараларымен, яғни Қостанай педагогикалық колледжде «Бастауыш оқыту әдістемесі», «Мектепке дейінгі тәрбие», «Шеттілдер тілдер» мамандығында оқитын студенттерді жоғарғы білім алуға шақыру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу кезінде ҚМПУ мамандықтар бойынша: «Психология»; «Педагогика және психология»; «Дефектология»; «Бастауыш оқыту әдістемесі»; «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» жоғарғы білім алуға шақырылды. Осы мамандықтар бойынша күндізгі және қашықтықтан оқуға мүмкіндік бар және колледжден кейінгі талапкерлерге грант бөлінеді. Колледж бітірген студенттер қысқартылған, яғни 3 жылда жоғарғы білім ала алады. Колледж түлектері ҚМПУ-ға түсу үшін компьютерлік тестілеу емтиханын тапсырады.
Университетті бітірген түлектер әр түрлі профильдегі оқу орындарында, кәсіпорындарда, түзету мекемелерінде, психологиялық орталықтарда, әскери құрылымдарда, емдеу және профилактикалық орталықтарда, бейімдеу орталықтарында қызмет жасай алады.
Кездесу кезінде оқуға түсу ережелері туралы толық ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды. Колледж студенттерінің жатахана мәселесі, ондағы әлеуметтік-тұрсыстық жағдайлары, ақылы оқу, босаған грантқа ауысу, университетке түсу емтихандары т.б. сұрақтарына толық жауап берілді.