ҚМПУ студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында
- Подробности
- Опубликовано: 21 апреля 2018
2018 жылғы сәуір айының 21 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика және психология факультетінің 2 курс студенттері Қостанай облыстық бейімделу орталығында барып, ондағы балалармен «Достық» тақырыбына тәрбиелік іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың достықты қадірлеуге, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнату дағдыларын нығайту. Іс-шараның бағдарламасында балалармен ойындар, сайыстар, әртүрлі психологиялық жаттығулар және арт-терапия өткізу жоспарланды. Балалар жүргізілген іс-шараларға белсенді қатысып, өздерін еркін ұстады.
Арт-терапия кезінде балалар өздерінің болашақтарын, отбасы, сүйікті үй жануарларын салып, болашақта бақытты да көңілді өмір сүруді армандайтындықтарын айтып, салған суреттері бойынша әңгіме құрастырды. Ал, студенттер болашақ психолог мамандықтары бойынша өздерінің теориялық және практикалық білімдерін, балалармен үйлесімді қарым-қатынас жасау дағдыларын нығайтты.
Жалпы, студенттер бұл мекемеде алдында да бірнеше рет болғанымен, әрбір кездесу психологиялық ықпал етіп, ондағы балалардың қиын тағдыры мен болашағы ерекше әсер қалдырады.