Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2018
Педагогика кафедрасының апталығы бойынша 2018 жылдың 11 сәуірінде Білім берудегі менеджмент пәнінен «ҚТжәне Ә», «ҚТОМ» мамандықтары бойынша 2 - курс студенттерімен педагогикалық ғылымдар магистрі, аға оқытушы Хамзина Күлшат Бақытжанқызы «Мектептің тұтас педагогикалық үдерісінде қақтығыстарды басқару» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Оқытушы дәріс барысында мектептің тұтас педагогикалық үдерісіндегі қақтығыстарды басқару түсінігін тереңдету және ұғындыру мақсатында жұмыс істеді. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктердің түрлеріне және оны шешу жолдарына тоқталды.
Дәріс дәріс-визуализация және дәріс-пресс-конференция түрінде жүргізілді. Дәрісте мультимедиялық кешен, слайдтар, фильм фрагменттері, белсенді үлестірме материалдар (БҮМ), кестелер, сызбалар, ұғымдар күнделігі және т.б. көрнекіліктер қолданылды. Дәріс барысында әр сұрақтың мазмұнын ашу үшін «Ассоциация» әдісі арқылы келіспеушіліктің туындау себептерін анықтау. Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ассоциация әдісін қолданғанда студент ой-пікірлерін ашық, еркін айта алады. Сонымен, ассоциация әдісі – зат немесе кейіпкер жайлы жалпы мәлімет жинау. Жаңалықтар лентасынан «Мектептегі жанжал» тақырыбында үзінді қолданылды. Әр сұрақ рефлексиямен қорытындыланды. Студенттер дәріске белсене қатысты. Ашық сабаққа педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Өтегенова Бибігул Мазановна және кафедра оқытушылары: Иванова Е.Н., Калиев Д.Д. Ермагамбетова А.Ж., Карпыкова Г.У. қатысты.