Студенттер әлеуметтік жобамен бейімделу орталығында
- Подробности
- Опубликовано: 12 апреля 2018
2018 жылғы сәуір айының 12 жұлдызында психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Б.К. Каирова Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және педагогика мамандығында оқитын 1 курс студенттерімен Қостанай облыстық бейімделу орталығында «Девиантты мінез-құлықты балаларға психологиялық-педагогикалық көмек» эксперименталды алаңының жоспары бойынша балалармен кездесіп, «Мейрімділік» тақырыбында іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың бір-бірімен үйлесімді қарым-қатынас орнату, туған-туыстарын, айнала қоршаған адамдарға қайырымдылық көрсету дағдыларын нығайту. Балалар жүргізілген іс-шараларға белсенді қатысып, өздерін еркін ұстады. Қолданылған интерактивті технологияларға (жаттығулар, сайыстар) белсене араласып өз өнерлерін көрсетті. Көптеген балалар сурет салғанды ұнатады екен. Өздерінің салған суреттері бойынша қызықты әңгімелер құрып, ойларымен бөлісті. Осы жолы бейімделу орталығында бір отбасынан 2-3 баладан болды. Олардың арманы жылдам өсіп, ата-анасына қамқорлық жасау екенін білдік.
алпы, орталықтағы балалардың көбінің әлеуметтік бағыттылығы, рухани құндылықтары сақталған. Студенттер әрбір кездесуден болашақ мамандықтары бойынша практикалық тәжірибе алып, курстық ғылыми-зерттеу жұмыстарына енгізіп отырады.