«Психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану»
- Подробности
- Опубликовано: 25 апреля 2018
2018 жылдың 25 сәуірінде мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасында аға оқытушылар Мұқалиева Б.Х., Саламатова А.Б. «Психологиялық-педагогикалық цикл пәндерін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: білім берудің қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру.
Мақсатты аудитория: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері.
Қысқаша сипаттамасы:
- пəндердің ең тиімді əдістерін таңдау арқылы сапалы білімге қол жеткізу;
- заманауи қоғамға қатысты білім беру үдерістерін адамгершілікке тәрбиелеу, нәтижеге бағытталған білім беруді қамтамасыз ету;
- оқу үдерісіне озық ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану.
- сыныпта өзара әрекеттесу, өзін-өзі талдау және кері байланыс.
Семинардың негізгі нәтижелері:
- әртүрлі оқыту стратегияларын қолдану және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру арқылы білім сапасын арттыру;
- тиімді оқыту құралдары ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дағдыларын дамыту;
- сабақ барысында алынған білімді пайдалану.