«Жақсылық жаса»
- Подробности
- Опубликовано: 18 октября 2018
2018 жылғы 18 қазанда педагогикалық пәндер циклін оқу аясында 5В010200 – "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 4 курс студенттері үшін сабақ тақырыбын ескере отырып, "мектепке дейінгі және бастауыш білім беру" кафедрасының меңгерушісі п.ғ. к. Е. Д. Ли мен аға оқытушы Ш. Е. Жандауова Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" базасында сабақ ұйымдастырды.
Студенттер орталыққа келгеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О. А. Денисюк қарсы алды, ол экскурсия өткізіп, орталықтың оқу аудиторияларымен таныстырды. Осы мекемеде 3 жастан 16 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленуде.
Әңгіме барысында Оксана Анатольевна студенттерге балалармен жұмыс істеу әдістері, түрлері, балалар – ата-ана қатынастары туралы әңгімеледі. Балалар орталығына келіп, студенттер тәрбиеленуші балаларға спорттық ойын-сауық ойындарын ойнап, жағымды көңіл-күй сыйлауға тырысты.
Атап айтқанда, А. Н. Исупова А. Ш. Қабдысалыковаға ертегі кейіпкерлері біліміне музыкалық байқау ұйымдастырылды. Сабақ соңында орталық балалары студенттермен ұйымдастырылған шағын сыйлықтар алды.
Жандауова Шолпан Еркінқызы,
мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының
аға оқытушысы,
педагогика және психология магистрі