Жас психологтар сайысы!

Психология және дефектология кафедрасының оқытушылары: Смаглий Т.И., Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С. 1-7 сынып оқушылар арасындағы "Зерде" ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары республикалық сайысының облыстық деңгейінде қазылар мүшесі ретінде ат салысты.

Сайыс орта және кіші мектеп оқушыларда интеллектуалды-шығармашылық потенциалын арттыру және жеткіншектерде зерттеуші іс-әрекет дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Аталмыш сайыс 2018 жылдың 20 қазанында өткізілді.

Жыл сайын Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының тәжіребелі профессор-оқытушылар құрамы осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысады. Қазылар жұмысының қорытындысы негізінде сайыс өткізу Ережесіне сәйкес ең үздік жобалар анықталды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс және сайыстың республикалық деңгейінде сәттілік тілейміз.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз