"Ең үздік психолог - 2018" сайысының қазылар алқасы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының оқытушылары Демисенова Ш.С., Бисембаева А.К., Молдахметова Г.М., Григорова Ю.Б., Калиниченко О.В., Қостанай облысының білім беру әкімшілік Басқармасының республикалық ғылыми-практикалық «Қостанай Дарыны» орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген, білім беру мекемелерінің психологтар арасында "Ең үздік психолог - 2018" сайысында қазылар алқасы ретінде қатысты.

Сайыс, талантты, шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін, жұмысында кәсіби құзыреттіліктерді меңгерілуін оптималды түрде көрсететін психологтарды қолдау және мадақтау мақсатында, 2018 жылдың 9 қазанда өткізілді. Сайысқа білім беру мекемелерінің: 3 жылға дейін; 3-7 жыл аралығында; 7 жылдан жоғары жұмыс тәжіребесі бар психологтар қатысты.

Сайыс, психологтардың кәсіби арақатынасына, шығармашылық идеялармен және кәсіби озық тәжірибемен алмасуға, сонымен қатар жұмыс тәжірибесін жалпылау мен таратуға, білім беру мекемелерінің психологтарына өзін-өзі жетілдіруде маңызы зор.

Жыл сайын Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының тәжіребелі профессор-оқытушылар құрамы осындай деңгейдегі іс-шараларға қатысады.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті "Ең үздік психолог - 2018" сайысының қазылар алқасы