Cinema project: «Жылы жүрек»

2 қараша 2018 ж. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Жылы жүрек» атты cinema project өткізілді. Бұл іс - шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковна «“NEWdem” студенттердің әлеуметтік белсенділіктерін қалыптастыру» startup жобасы аясында ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – студент жастарды қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелей отырып, қоғамдық белсенділіктерін арттыру. Cinema project - ке барлығы 8 жоба ұсынылды. Жобада студенттер қамқорлық, үлкенге қайырымдылық, кішіге мейірімділікті көрсетумен қатар, табиғатты аялауға, құстарға қамқор болуды насихаттады.

Нәтижесінде, «Тарих» мамандығының студенттері табиғатқа қамқорлық идеясымен 1 орын иеленсе, «Дефектология» мамандығының студенттері ДЦП дертіне шалдыққан балаларға мейірімділік идеясымен 2 орынды, «биология» мамандығының студенттері айналаңа мейірімділік сыйла идеясымен 3 орынды иеленді. Іс - шараны өткізуге «Aisha tattileri» кондитерлік орталығы демеушілік жасады. Жоба мүшелеріне алдын-ала өткізген тегін мастер - класс нәтижесінде «NEWdem» қыздары іс-шара қатысушыларына тәтті торттарын сыйға тартты.

cinema project

cinema project

cinema project

cinema project

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз