Білім беру жүйесін цифрландыру
- Подробности
- Опубликовано: 05 ноября 2018
2018 жылғы 5 қарашада «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Edukey» білім беру орталығының қолдауымен, «NEWdem студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру» студенттік startup жобасының жетекшісі, педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның ұйымдастырумен «Ақпараттық компьютерлік технология – табысты мұғалім мектебі» тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Мастер-классқа Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 4 курс студенттері қатысты. Гаджеттерді, смартфондарды, web-технологияларды оқу үрдісінде пайдалану жолдарын көрсетті. Мастер - класстың спикері А.Ж.Ермаганбетова цифрлық ресурстардың құрылымымен таныстырды, мысалы, 6 минуттың ішінде 60 студенттің тесттік жұмысын смартфонның көмегімен тексеру мүмкіндігі, сабақты цифрлық бағдарламалардың көмегімен қызықты, әрі есте сақтауға оңтайлы жолдарын ұсынды. Мастер-классқа қатысушылар ұйымдастырушылардың жоғары кәсіби дайындық деңгейін атап өтіп, болашақта университетте ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.