Студенттік startup жоба тікелей эфирде

Университетімізде студенттердің startup жобасының саны жыл сайын артып келеді. Биылғы оқу жылынан бастап педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Акбота Жаналыковнаның жетекшілігімен «NEWdem студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік startup жобасы белсенділік танытуда. Жобаны жарнамалау, студенттердің медиа-сауаттылықтарын қалыптастыруда облыстық телеарналармен тікелей тығыз байланыс орнатты.

«Алау» телеарнасы, «Өмір ағымы» бағдарламасымен келісім-шарт жасасып «Білім көкжиегі» атты рубрика ашылды. Бағдарламада студенттер жасап жатқан жұмыстары туралы аптасына бір рет тікелей эфирде бөлісіп отыратын болады. Ал, 9 қараша күні «Qostanai» телеарнасының тікелей эфиріндегі «Тобыл таңы» танымдық-сазды бағдарламасының тікелей эфирінде жоба жетекшісі қонақта болды.

http://kostanaytv.kz/ru/archive/programs/programs_morning/kst_tobyl-tany/841849

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз