Мотивациялық тренинг

16 қараша күні университетте студенттердің белсенді өмірін қалыптастыруға мотивация беру және өздеріне деген сенімділігін арттыру мақсатында «Мотивация және сенімділік» атты тренинг өткізілді. Іс-шараны педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Ермаганбетова Ақбота Жаңалыққызының жетекшілігімен ««NEWdem» студенттердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру» студенттік жобасы ұйымдастырды. Мотивациялық тренинг студенттердің уақытын тиімді басқару, жетістікке жетудің жеті жолы, өз ісін жоспарлауға бағытталды.

Тренингтің екінші кезеңінде студенттерге Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма», Cаидмурод Давлатовтың «Мен және ақша», Брайан Трейсидің «Жетістікке жетудің қағидасы», Аманжол Рысмендиевтің «Кәсіпкерлік құпиясы», Марат Абиевтің «Казахстанская мечта», Стивен Ковидің «Семь навыков высокоэффективных людей», Мэг Джейдің «Важные годы» еңбектері және т.б мотивациялық кітаптардың тізімі ұсынылды. Тренинг соңында студенттер өз жоспарларын армандар картасына бейнеледі.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз