Мектеп психологымен кездесуі
- Подробности
- Опубликовано: 26 ноября 2018
26 қараша 2018 жыл Психологиялық Педагогикалық факультетінің Психология және дефектология кафедрасының студенттерімен ММ «№3 Мектеп – гимназиясының» психологы Пряхин Евгений Александровичпен кездесу өтті. Жас маманның жұмыс өтілімі 5 жыл болсада, Евгений Александровичтің кәсіби әрекетінде қолданып жүрген табысты бірқатар актуалды тәжірибелік жұмыстары бар.
2018 жылдың қараша айында Алматыда «Жылдың үздік психологы» атты Республикалық байқау өтті, осы байқауда Евгений Александрович өзіннің жеке практикалық тәжірибесін көрсетті,мектеп психологының барлық жұмыс бағыттарының авторлық компьютерлік бағдарламаларды әзірлеуін көрсетіп 2 орынды иеленді.
Мектептегі Психолог жас мамандардың перспективалары және мәселелері кездесудің басты тақырыбына айналды. Евгения Александрович студенттермен үлкен қуанышпен өзіннің тәжірибесімен бөлісті, ол жас маманның бейімделу кезеніңде кездесетін, мектеп психологы жұмысының оңды жетістіктері мен қиындықтары туралы толығырақ айтып берді.
«Психология», «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттерінде мазалап жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері болды,психологтың тәрбиелік қызметтің ерекшеліктері-мен байланысты, еңбек қызметінің бастапқы кезеңінде мектептегі жұмысты тиімді ұйымдастырудыа ұсыныстар алды.