Білім - тұлғаның дамудың қозғаушы күші
- Подробности
- Опубликовано: 20 декабря 2018
Әр адамның өмірінде білім алуды қай кезде болса да, жалғастыруға болады.
2018 жылдың желтоқсан айында У. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары Б. К. Каирова мен А. Х. Үсембаева Қостанай қаласындағы медициналық колледжінің студенттерімен профориентациялық жұмыспен білімді жалғастыру және кәсби бағдар беру мен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесті.
Колледждің акт залында оқытушылар аудиторияның назарына психологиялық-педагогикалық факультеттегі мамандықтар туралы медиамматериалдармен жабдықталған ақпаратты ұсынды. Кездесу кезінде колледж студенттері "Психология", "Педагогика және психология", "Дефектология" мамандықтары туралы толық ақпарат алды. А. Х. Үсембаева мемлекеттік ЖОО-да арнайы орта білім негізінде оқытудың артықшылықтары мен ерекшеліктеріне, магистратура мен докторантурада оқытудың келешегіне баса назар аударды. Колледж түлектері педагогикалық университетке жоғары білім алу үшін дәстүрлі түрде көктемде өткізілетін Ашық есік күніне шақырылды.
Кездесу барысында түлектер гранттар, емтихан мерзімдері, оқу жүйесі, ҚМПУ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары, жұмысқа орналасу туралы сұрақтар қойды. Оларға ҚМПУ өмірінен алынған фотосюжеттер түрінде мысалдар келтіріліп, толық жауаптар берілді. Жұмысқа орналасу туралы сұрақтарға жауап бере отырып, мемлекеттік қызметте, құқық қорғау жұйесінде және өндірістің әр түрлі саласында кәсіби жоғарғы дәрежеге жеткен түлектер туралы мәліметтер берілді.