Студенттер үйіндегі психологиялық тренинг
- Подробности
- Опубликовано: 15 февраля 2019
Психология және дефектология кафедрасының аға оқытушылары О.В.Калиниченко, З.Д.Ахметбекова 2019 ж. 15 ақпанында орыс бөлімінің «Психология» мамандығының 1 курс студенттерімен және қазақ бөлімінің «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенттерімен Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Студенттер үйінде сенімді мінез-құлық бойынша тренинг өткізді.
Студенттермен өткізілетін жұмыстың мұндай түрі дәстүрге айналды: жыл сайын жатақханада тұратын студенттер арасында сенімді мінез-құлық тренингі, күйзелісті көтере білу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және тұлғаның өсуіне ықпал ету тренингтері өткізіліп тұрады.
Қарым-қатынас дағдыларын және сенімді мінез-құлықты қалыптастыру мәселесі қазіргі кезде халықтың көпшілігі үшін, әсіресе студенттер үшін өзекті болып отыр.
Күйзелісті көтере білуді қалыптастыру бойынша ұсынылған тренинг бағдарламасының негізгі мақсаты ең алдымен студенттердің күйзеліс орын алған кезде тиімді копинг-мінез стратегиясын дамыту болды.
Жұмыстың бірінші кезеңінде танысу, қолайлы психологиялық ахуал жасау және тренингтің кеңістігіне өту мақсатында арнайы жаттығулар өткізілді. Бұдан кейін күйзеліс тууы мүмкін және күйзеліс болатыны анық жағдайлар қалыптастыруға бағытталған жаттығулар орындалды. Аталған жаттығулар барысында студенттер копинг-мінез дағдыларын меңгеруге, күйзеліспен күрестегі өздерінің жеке әдістерін ортаға салуға және психология оқытушыларына тақырыпқа қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында студенттердің психологиялық және эмоционалдық күйін бақылауға және студент жастардың сенімді мінез-құлық стратегиясы және эмоционалдық тұрақтылығын қалыптастыру бойынша атқарылатын жұмыстардың нобайын көруге көмектескен топтық рефлексия өткізілді.